Altyn Ai – әркім өз қалауынша өмір сүруге қажеттінің бәрін бар жайлы мекен. Отбасыға көңіл бөлгіңіз келсе де, мансап қуып, сүйікті ісіңізбен айналысқыңыз келсе де, кешеннің ішкі инфрақұрылымы барлық жоспарыңызды үйлесімді іске асыруға көмектеседі.
Жоба туралы
Әлеуметтік нысандардың жақындығы уақытыңызды тиімді басқаруға және әрдайым мобильді болуға мүмкіндік береді.
Мүмкіндіктер сыйлайтын орын
Altyn Ai қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданында орналасқан. Мұндағы инфрақұрылымның басты өзегі — Almaty Arena спорт кешені.
Орналасуы
Өз мектебі
300
метр
Abyroi School Almaty мектебі
350
метр
«Айым», «Айгөлек», «Бақытты Бала» балабақшалары
900
метр
Almaty Arena спорт кешені
1000
метр
Toimart супермаркеті
1500
метр
Тұрғын үй, білім беру, ойын-сауық және коммерциялық аймақтар бір кеңістікте шоғырланады. Тұрғындар осы жерде демалып, оқып, еш қиындықсыз жұмыс істей алады.
Қажеттінің бәрі қол созым жерде
Altyn Ai кешенінің кішкентай тұрғындары мен олардың ата‑аналары аумақтағы мектептің барлық артықшылығын сезінеді. Баланың мектепке дейінгі жолы небәрі 5‑10 минутты алады, бұл оны ерте жастан дербестікке үйретеді. Ең бастысы, баланың Almaty Arena спорт кешеніндегі үйірмелер мен секцияларға қатысуға уақыты болады. Ал ата-аналар ерте ояну мен баланы басқа ауданға тасу уайымынан біржола құтылады.
Үйдің іргесіндегі дамыту орталығы балаларыңыздың талантын ашуға тамаша мүмкіндік береді. Озық әдістемелердің арқасында оқу процесі қызықты ойынға айналып, балалар жаңа достар табады және күн сайын жаңа нәрселер үйренеді.
Кешеннің басты сәні жасыл сквер. Мұнда әрбір тұрғынның қызығушылығы ескерілгендіктен, әрдайым жылы әрі көңілді атмосфераға бөленіп тұрады.
Ойын алаңдары заманауи кешендермен жабдықталған. Мұнда Altyn Ai‑дың ең кішкентай тұрғындары өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және тапқырлығын шыңдайды. Қатарластарымен араласу балаңыздың тату ұжымның бір бөлшегіне айналуына көмектеседі.
Қуанышқа толы балалық шақ
Абаттандыру
Көтеріңкі көңіл‑күй сыйлайтын аула
Кейде қарбаластан демалып, сәл оңаша қалғың келетін сәттер болады. Ол үшін Altyn Ai ауласында арнайы жайлы орындар қарастырылған. Мұнда тынығып қана қоймай, алаңда ойнап жүрген балаңызды да емін-еркін бақылай аласыз.
Workout аймақ – жаңа жетістіктер орны. Мақсат қойыңыз, өз мүмкіндігіңізді кеңейтіңіз, дәл аулада жарыстар ұйымдастырыңыз. Әрдайым сергек жүріп, айналаңызға позитивті энергия таратыңыз!
Жеңіске құштар жандар үшін
Өзіңмен-өзің бол
Жайлы әрі абаттандырылған аумақ күнделікті сергектік сыйлайды. Аулада балалар да, ересектер де бос уақытын қызықты өткізе алады: ойын алаңдары, workout аймақтар мен демалыс орындықтары жаңа таныстықтар мен жағымды әңгіме-дүкен құру орнына айналады.
Толығырақ білгіңіз келе ме?
Форманы толтырыңыз, біздің менеджерлер сізбен байланысқа шығады.
Exclusive Qurylys Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында 2007 жылдан бері табысты жұмыс істеп, құрылыс саласында көшбастап келеді. Біз бірегей тұжырымдаманы әзірлеуден бастап, нысанды пайдалануға бергенге дейінгі барлық кезеңді толықтай өз мойнымызға аламыз.
Заманауи материалдар мен озық құрылыс технологияларын қолдану – нысандарымыздың мінсіз сапасының кепілі.
Сапалы шу оқшаулау жүйесі үлкен қаланың у‑шуын сыртта қалдырып, артық қарбалассыз өмір сүруге тамаша жағдай жасайды.
Ғимараттардың нақты, түзу сызықтары мен табиғи реңкі Altyn Ai тұрғындарына жайлылық пен тыныштық сыйлайды. Заманауи материалдар пәтер ішіндегі жылылықты сақтап, аптап ыстықтан, суықтан және жауын-шашыннан сенімді қорғайды.
Пәтерлер
Ыңғайлы әрі функционалды жоспарлар кез келген идеяңызды іске асыруға жол ашады.
Төбе биіктігі — 3 м
Smart-жоспарлар 31,59 м2 басталады
Үлкейтілген терезелер
1 және 2 бөлмелі пәтерлер
Қара әрлеу
Тұрғын үй кеңістігін өз талғамыңызға сай модельдеңіз! Өз талғамыңыз бен қызығушылықтарыңызды көрсететін бірегей шаңыраққа айналдырыңыз.
Үйіңіз – сіздің болмысыңыз
Пәтерлер
Коммуникациялар пәтерге дейін тартылған
Кіреберіс есіктер орнатылған
Еденнің бастапқы сылағы құйылған
Радиаторлар қойылған
Толығырақ білгіңіз келе ме?
Форманы толтырыңыз, біздің менеджерлер сізбен байланысқа шығады.
Бұл жарнама ҚР АК 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылмайды. Бас жоспардың, қасбет, абаттық, құрылыста қолданылатын материалдардың, пәтерлердің жоспарлануы, тұрақ, олардың нөмірленуі, сайтта/буклетте көрсетілген инфрақұрылымдар мысал болып табылады. Сондықтан құрылыс барысында және пайдалануға берілгенде өзгеруі мүмкін. Тұрғын үй кешені туралы ақпарат сұранысты білу үшін жарияланды.
Бұл жарнама тек ақпараттық сипатқа ие, сұранысты зерттеуге арналған және жария оферта болып табылмайды. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (ТҚҮҚШ) тек "Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы" АҚ-мен кепілдік шарты жасалған немесе жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің қаражатын қатыстыруға рұқсат алынған жағдайда ғана жасалады.
Exclusive Residence
Exclusive Star
Біздің жобалар:
Exclusive Construction жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Лицензия нөмiрі 17003902 (8 қыркүйек 2021 жыл).
14.08.2025 ж. қолданысқа берілді: Алматы қ., Алатау ауданы, «Дарабоз» ы.а., 91 үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 жақтау.